«Ұшу жоспарыңда жоқ еді»: Darkhan Juzz-дің әйелі жазба жариялады

1266

0

Фото: ашық дереккөз

Таиландта қаза тапқан қазақстандық музыкант Darkhan Juzz-дің әйелі Instagram-да жазба жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

– Маған әр кез, әсіресе, балалар туғанда көмектестің. Оның қандай музыкант болғанын бәрі біледі. Бірақ қандай керемет күйеу және әке болғанын бәрі біле бермейді. Біз жүріп жүргенде мені үйге дейін шығарып салғанда «Мен саған күйеуің, досың, бауырың және әкең боламын» дедің. Сол кезде сенің не айтқың келгенін түсінбедім. Бірақ үйленгеннен кейін бәрін көрдім және көзім жетті. Мені Бөрте, Күн мен айым деп атадың, ал мен үшін сен Алтын едің, – деп жазды ол.

Ол сонымен бірге марқұм күйеуі әрқашан жоспарларын айтып жүретінін және ол ән айтып келгенге дейін ұйықтамай күтетінін, әндерінің демо нұсқасынын жіберетінін жазды.

– Маған түнде кітап оқып беретінсің, мен ұйықтап кетсем, сен Джек Лондонды әрі қарай оқи беретінсің, ал таңертең әрі қарай не болғанын айтып беретінсің. Сенің айтқаныңның бәрі есімде. Соңғы сөзің «Уәде берсем де, сендермен бірге болуға уақыт табылмай жатыр, кешіріңдерші. Мен студиядамын. Уақыт жоқ, жұмыс көп. Босай сала уақыт бөлемін» болды. Сен қуанғаннан жарқырап жүрдің. Осы жылға көп жоспарың мен жұмысың болды. Ұшпауың керек еді. Ол сенің жоспарыңда болмаған еді. Әрдайым жоспармен жүріп, оны өзгертпеу керек еді. Сен әрқашан осылай айтушы едің. Ешқашан өтірік сөйлемейтінсің және бетке айтатынсың. Сен әрқашан қалай бар – солай қабылдасын деп айтатынсың. Сен менің қаhарманымсың. (…) Менің жаным. Менің Алтыным», – деп жазды ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<