Ұстазды еске алуға арналған қалалық турнир өтті

841

0

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Абай атындағы ДБА мектебінде ұлағатты ұстаз Зауре Зейнуллақызын еске алуға арналған шара өтті.

Еске алуға арналған турнирге қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Орынша Міржақыпқызы қатысып, білікті басшы бола білген Зауре Зейнуллақызының білім саласына сіңірген еңбегіне тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ұстазды еске алуға арналған қалалық турнир өтті

Зәуре Зейнуллақызы өмірінің 40 жылын білім саласына арнап, өнегелі шәкірт тәрбиелеген ардақты ұстаз. Ол 1976 жылы И.В.Панфилов атындағы №5 орта мектепті бітірген соң, арнайы жоғары Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1983 жылы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алып шықты. 2004-2017 жылдар аралығында «Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебінің директоры қызметіне тағайындалып, ұстаздық қызмет жолында «Қазақстан Республикасының 100 үздік мектебі» қатарына енуіне зор үлесін қосты. 2009 жылы Облыс әкімінің «Ұстаз Ұлағаты» номинациясы табысталды. 2010 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі иегері атанды. 2017 жылы «Қазақстан Республикасының Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Ұстазды еске алуға арналған қалалық турнир өтті

Ұстаздар арасында өткен дода тартысқа толы өтті. Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды М.Сужиков атындағы №6 орта мектеп иеленді. Ал, ІІ орын Абай мектеп командасына бұйырды. Додада топ жарып, үздік шыққан мектеп түлектері І орынға жайғасты. Қатысушыл командалар арнайы номинацияларымен марапатталды.

Турнир жеңімпаздарына Зауре Зейнуллақызының отбасының атынан және қалалық кәсіподақ комитетінің қолдауымен қаржылай сыйлықтар табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<