Ұжым болып қан тапсырды

1019

0

Дүниежүзілік донорлар күніне орай Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және оған қарасты орталықтардың ұжымы ерікті түрде қан тапсырып, донор болды.

Бүкіләлемдік пандемия кезінде ерікті қан тапсыру арқылы індетке қарсы тұру, салауатты өмір салтын ұстауға үндеу. Жалпы, облыстық қан орталығында 22 мың доннар тіркелген. Оның 800-і тұрақты түрде қан тапсырып тұрады.

– Қазақ халқында «қан» деген сөздің ұғымы зор. Қандаспыз, қанымыз бір қазақпыз дейміз. Бір тамшы қанның өмірмен тең бағасы болады. Басқармасы басшысынан бастап ұжым қызметкерлері қан тапсырдық. Мақсатымыз өмірмен күресіп жатқан жандарға көмек көрсету. Бұл игілікті істі дәстүрлі түре жалғастыратын боламыз, – деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Руслан Қаюпов.

Жыл басынан бері қан орталығында 3300 адам донор болды. Күніне 100 адам қан тапсырады.

Жалпы, мамандар тұрақты донорлар жүрек-қан тамырлары ауруларымен сирек ауырады, жарақат алғанда қан жоғалтуды жеңіл көтереді, 5 жылға ұзақ өмір сүретіндігін айтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<