V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны аясында тоғызқұмалақ бәсекесінің екінші күні аяқталды

292

0

Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Үш күнге созылатын тартысты ойындардың бүгінгі екінші күні үш тур өтті. Алғашқы күні үш тур болған. Кеше Қазақстан және Моңғолия командалары 12 ұпаймен алға шыққан. Жарысқа 65 ер адам мен 49 әйел адам қатысып жатыр. Спортшылар 41 елден келген.

Әлемдік дода барысындағы қызықты деректерге де тоқталған жөн. Тоғызқұмалақ жарысына қатысып жатқан ең егде спортшы Германия командасының мүшесі – JURIJ NOLD. Ол – 76 жаста.

Ал әйелдер арасында бақ сынап жатқан ең жас спортшы бар болғаны 11 жаста. Ол – румыниялық MATEI SOFIA ECATERINA. Ең жасы үлкені – 61 жастағы мексикалық DE ROO FLORES QUEREN APUC.

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны аясында өтіп жатқан Тоғызқұмалақ бәсекесінің екінші күні аяқталды. Екі күндік жарыстағы 6 кезең нәтижесі бойынша Қазақстан командасы топ бастады. Олар жалпы есеп бойынша 23,5 ұпай еншіледі. Ал Қырғыз елінің спортшылары 18,5 ұпай, Моңғолия командасы 18 ұпаймен үштікті қорытындылап тұр. Ертең Тоғызқұмалақ жарысының соңғы күні.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<