Вакцинация ер адамның ұрпақ жалғастыру қабілетін қорғайды. Бұл туралы уролог-андролог Джевдет Карамамуд-Оглы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Experts Hub Kazakhstan жобасы сарапшыларының дөңгелек үстелі барысында ол коронавирус инфекциясы ер адамдардың қозу әрекетсіздігінің дамуына себеп болуы мүмкін екендігіне қатысты зерттеулердің бар екендігін айтты. «Қозу әрекетсіздігіне алып келуі мүмкін факторлар спекторы барынша ауқымды. Оның барлығы коронавирус инфекциясын бастан кешіргеннен кейін орын алады», – дейді уролог.
Оның түсіндіруінше, қозу әрекетсіздігінің басталуына коронавирус инфекциясын бастан кешіргеннен кейінгі күйзеліс, гипоксияның ұзаққа созылатын ықпалы, гемодинамиканың бұзылуы, жүрек-қан тамыры жүйесі жұмысының нашарлауы себеп болады.
«Сондықтан осындай жайт орын алуы мүмкін. Ал вакцинация ер адамның денсаулығын қорғаудың бір тәсілі саналады», – деді Джевдет Карамамуд-Оглы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<