Вакцинадан кейін аяқ-қолы тартылып қалған әйелге қатысты тексеру жұмысы аяқталды

466

0


Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев онлайн брифинг барысында аяқ қолы тартылған акушер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Перинатология және балалар кардиохирургия орталығында акушер болып қызмет ететін қызға қатысты негізгі комиссия жұмысын аяқтады. Оның жағдайы мен вакцинация арасында тікелей байланыс жоқ. Комиссия оның жағдайын қорқу реакциясы ретінде бағалады. Деректердің толық қорытындысын күтеміз. Ол үйінде ата-анасының бақылауында», – деп жауап берді басқарма басшысы.

Бұған дейін, әлеуметтік желіде коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін әйелдің аяқ-қолы тартылып қалғаны туралы видео тараған болатын. Кейін оның перинатология және балалар кардиохирургия орталығының акушері екені анықталды.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<