Велоспорттан жүлделер сарапқа салынды

356

0

Қызылорда қаласында велоспорттан ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты мен кубогі өтті.

Аталған жарысты Туризм және спорт министрлігі, Велоспорт федерациясы, облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасы ұйымдастырды.

Бес күнге жалғасқан сайыста еліміздің барлық өңірінен келген 150-ге жуық спортшы бақ сынады. Нәтижесінде ерлер арасында 25 шақырымдағы жекелей жарыста Солтүстік Қазақстан облысынан келген Мансұр Бейсенбай мен Михаил Подлужный алғашқы екі орынды өзара бөліссе, жамбылдық Руслан Әлиев үздік үштікті түйіндеді.

Ал әйелдер арасында 20 шақырымдағы жекелей жарыста қызылордалық Анжела Соловьева мәре сызығын бірінші болып қиса, алматылық Виктория Колесникова мен Елена Мандракова жүлделі орындардан көрінді.

Сондай-ақ 80 шақырымдағы топтық жарыста қызылордалық Елизавета Склярова, қарағандылық Карина Абдрахманова, талдықорғандық Дария Қазақбай жүлделі орындарға табан тіреді. 

Райымбек ӨМІРБЕК

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<