Бүгін Венада (Австрия) Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясының (бұдан әрі – ХСЖҚА) қатысушылары Ассамблеясыныңжетінші сессиясы өтеді.
ХСЖҚА қатысушылары Ассамблеясына қатысу үшін Қазақстан делегациясын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев басқарды.
Агенттік басшысы Қазақстанмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама оқыды.
«Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ерекше орын алады. Осы кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы біздің өзара әрекеттестікті жаңа сапалы деңгейге шығаратынына сенімдімін», – деді ол.
Сондай-ақ Қазақстанмен ашықтық, транспаренттік және есептілік қағидаттарын қамтамасыз ету және жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді шараларыоң жүйелі өзгерістерге әкелгендігі аталып өтілді.
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және бағалау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын арттыру, олардың қызметін бақылау, ақпараттық-түсіндірмелік кампаниялар, азаматтық қоғаммен өзара әрекеттестік және қоғамдық бақылау өздерінің тиімділігін көрсетеді.
Қазақстанда екінші жыл қатарынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ілгерілемелі төмендеуі және қоғам мен бизнестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тартылуының артуы байқалады», – деді Агенттік Төрағасы.
Бұл бағытта сондай-ақ Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясымен ынтымақтастықты нығайтуға маңызды мән беріледі.
2010 жылдан бастап ХСЖҚА базасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері оқудан өтуде.
Биылғы жылы ХСЖҚА мен Агенттік арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
ХСЖҚА тәжірибесінегізіндеҚазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» – жаңамагистрлік бағдарламасы іске қосылды,оның негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторлар үшін заманауи лидерлерді дайындайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанға австриялық сарапшыларды шақыру арқылы магистрлік бағдарламаны бірлесіп жүзеге асыру мәселесі қарастырылуда.
Қараша айының соңында Қазақстанның бастамасы бойынша ХСЖҚА-да Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының басшылығы үшін курстар ұйымдастырылады.
Алик ШпекбаевХСЖҚА қатысушылары Ассамблеясында Академияның жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына қосқан үлесін жоғары бағалап,2019 жылы Қазақстанда Ассамблеяның кезекті отырысын өткізуге дайын екендігін мәлімдеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
агенттігінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<