Ветеринария саласындағы қызмет

487

0

Қызылорда облысының ветеринария басқармасы бір мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру». 

Аталған лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жасайтын зертханаларға беріледі.

Мемлекеттік қызмет 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақылы негізде көрсетеді. Лицензия Қазақстан Республикасының «Е-лицензия» веб-порталында электронды түрде рәсімделеді.

Облыс аумағындағы ветеринариялық пункттер 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтердің атауы – «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ветеринариялық паспорт беру».  

«Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ҚР АШМ «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» веб-порталында (ЕАСУ) тегін көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы №7-1/453 «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» веб-порталында рәсімделеді.

Ветеринариялық анықтама 3 нысанда: 1 нысан – тірі жануарларды, 2 нысан – жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін, 3 нысан – жануарлардан алынатын шикізат өнімдерін тасымалдау үшін беріледі. Ветеринариялық анықтамасыз тасымалдаған жағдайда жергілікті полиция өкілдері айыппұл салады. Сондықтан тек құжатпен тасымалдануы қажет.

«Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру. Ол Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес сырғалау, таңбалау, чиптеу тәсілдері арқылы жүргізіледі.

Бірдейлендірілген жануарлар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына енгізіледі.

Адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында бірдейлендірілген жануарлар 14 аса қауіпті жұқпалы – құтыру, аусыл, лептоспироз, листериоз, пастереллез, Сібір жарасы, нодулярлы дерматит, эхинококкоз, күл, қарасан, оба, туберкулез, вирусты диарея, құс тұмауы секілді ауруларға қарсы мемлекет есебінен тегін егіледі.

Құрметті облыс тұрғындары! «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Сондықтан тұрғылықты жердегі ветеринар маманға жүгініп, ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алдырып, Үкіметтен тегін берілетін ветеринариялық препараттарды ектіріп, ауру-сырқаудың алдын алуға және жануарлар мен өнімдерді ветеринариялық ілеспе құжаттармен тасымалдауға шақырамыз!

Мал-жандарыңыз аман болсын!

Облыстық ветеринария басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<