Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар туралы» бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары негізінде Қызылорда қалалық аумақтық инспекцисы ветеринария саласы бойынша мемлекеттік қызметті жүзеге асыруда. Соның бірі экспортқа шығатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге (жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер, құс, құс өнімдері, малдың жем-шөбі, т.б.) ветеринариялық сертификат беру қала аумағындағы эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, орны ауыстырылатын объектілердің экспортына мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Жеке және заңды тұлғалар өз өтініштерін жеке кабинеттері немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы беруге болады. Аумақтық бөлімшенің кеңсесінде өтініштің қабылданғанын растау күні, уақыты (сағаты, минуты) көрсетіледі, оның көшірмесіне тіркеу туралы белгі қойылады, ал портал арқылы келген өтінішке қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
Экспортқа шығатын орны ауыстырылатын объектілерге ветеринариялық сертификат берудегі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
– Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні;
– Мемлекеттік қызмет көрсетуші маман құжаттарды алған сәттен бастан екі жұмыс күні ішінде алынған құжаттардың толықтығын тексереді. Егер де берген құжаттар топтамасы толық емес болса немесе дұрыс болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуші өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе (байланыс телефоны: 23-78-13) қағаз түрінде беріледі.
Ш.ЖҰМАДІЛЛАЕВ,
Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы





