Вице-министрмен кездесті

330

0

Фото: Облыс әкімдгі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековпен кездесті. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Бүгінде аймақ әлеуметтік-экономикалық дамуда тұрақты өсімге қол жеткізді, жалпы өңір­лік өнім 104,8%. Экономика құрылымының 31%-ын құрайтын сауда саласында тауарлар мен қыз­меттер көлемі 6,1%-ға артты.

Өңірде 30-ға жуық кәсіп­орын күріш, балық өнімдері, ас тұзы, цемент, шыны, уран ша­ла тотығы және аммоний ме­таванадатын экспорт­тап, эко­номиканы әртараптан­ды­ру­ға үлес қосуда. Алдағы бес­жыл­­дықта 2 трлн теңгенің 89 инвес­тициялық жобасы іске асы­­рылып, 11 мыңнан астам тұ­рақты жұмыс орны құрыл­мақ.

Биыл өңірдің кірпішке де­ген сұранысының 90%-ын қам­­тамасыз ететін жаңа зауыт пен 3,5 мың адамға қызмет көр­­сететін «Orhun Medi­cal» меди­цина орталығы іске қо­сылды. Сонымен қатар ЖЭО, қиыр­­шық тас және айна шығару өн­дірістері, жолаушылар вагон­дарын жөндеу ке­шені, конди­терлік және макарон өнімдері цехтары, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін зауыт, коммуналдық базар жә­не екі шағын өнеркәсіптік ай­мақ ашылады.

Құрылысы басталатын 14 ірі жобаның қата­рында тұр­мыстық қатты қалдықтарды өңдеу зауыты, «Rixos» бес жұл­дызды қонақ үйі, кальцийленген сода зауыты, «Шалқия» кен байыту фабрикасы және бөтелке шығаратын зауыт бар. Бұған қоса, Катармен бір­лес­кен қуаттылығы 1100 мега­ват­тық бу-газ қондырғысы жә­не испандық «Roca Group» ком­паниясымен бірлескен са­нитарлық-техникалық өнім өн­діретін зауыт құрылысы қол­ға алынды.

Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәй­кес, «Қор­қыт Ата әуежайы» жанынан арнайы эко­номикалық аймақ құрылды. Оның аясында құры­­лыс индустриясы, машина жасау, логистика және иннова­ция­лық бағыттағы жобалар жү­зеге асырылмақ.

Сапар кезінде вице-министр қала орталығын­дағы «Сы­баға», «Сұлтан-2» сауда базарлары мен экспортқа бағдар­ланған өндірістік кәсіп­орын­дарды аралап, жұмыс барысын көрді.