Қазақстанның бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
Қаулыға сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салынған.
Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етіледі.
Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасымен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде
Ал жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне бару үшін коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін ПТР тест тапсыруы қажет.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<