Волейболдан желілік спартакиада: жеңіс тұғырында – Қызылорда мен Тараз

689

0

NIS оқушылары арасында өткізілген волейболдан желілік спартакиаданың аймақтық кезеңі өз мәресіне жетті.

Спартакиаданың жабылу салтанатында Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ қызықты ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға барлық жанкүйерлер атынан алғысын білдірді:

– Спартакиада барлығымыз үшін тәжірибе алаңы болды деп ойлаймын. NIS атты жанұяның 100-ге жуық оқушысы бір-бірімен дос болып, әртүрлі дағдыларды меңгере алды. Бұл үш күнде мектептер арасында ынтымақтастық орнатуға жол салынды. Ақтық кезеңге жолдама алған оқушыларға алдағы додада сәттілік тілеймін.

Оңтүстік өңірлердің басын қосқан үш күндік тартысты додада қыздар арасында сырбойылық команда жеңіске жетсе, тараздық ер балалар бірінші орынды иеленді. Алматыдағы Зияткерлік мектеп қыздары мен қызылордалық ұлдар командасы күмістен медаль тағып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ал жеңімпаздар тұғырының үшінші сатысына Тараздағы NIS сұлулары мен Алматыдағы Зияткерлік мектептің ұлдар тобы орналасты.

Спорттық сайыста ерекше көзге түскен Арнұр Бақытжан (Түркістан) мен Мадина Рүстемова (Шымкент ХББ ) «Үздік ойыншы», Ерасыл Сәдуақас (Шымкент ХББ) мен Амина Исабек (Шымкент ФМБ) «Үздік қорғаушы», Семен Матвеев (Алматы ХББ) пен Алема Абдухамит (Тараз) «Үздік шабуылшы», Қанат Абдуашим (Шымкент ФМБ ) мен Аделя Жайлаубаева (Алматы ХББ) «Үздік үйлестіруші» номинацияларымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<