Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекованың некесін қиғаны туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.
Оның айтуынша, екі жас некесін Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің мешітінде қидырған.
«Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некелерін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!», – деп жазды Қайрат Жолдыбайұлы.
Дереккөзі: turkystan.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<