Жақсылық жасау – жүректің ісі. Ал, оның ішінде үлкендерімізді құрмет тұтып, қолдау таныту құптарлық бастама.
Жастар «Бетперде тағып жүрейік!» науқаны аясында Қарттар үйіне қажетті дәрі-дәрмектер қорын, 500 бетперде табыс етті. Бұдан бөлек, 40 жалғызбасты мүмкіндігі шектеулі жанға, қала тұрғындарына да бетперде үлестіріп, ақ тілек пен батаға бөленді.
Волонтерлік ұрда-жық ұран емес, шын көңілдің, риясыз ықыластың ісі. Бұған дейін де еріктілер талай жанның тіршілігі тұралап тұрған тұста көмекке келіп, азық-түлік пен ансептиктерді таратты, рейдтік жұмыстарға да атсалысты.
Мұнда жеке басының қамын күйттемей, барын жұртпен бөліскен жүздеген кәсіпкердің, ел ағаларының да еңбегі бар.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<