Уәде мен нақты іс

4

0

«Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифингте «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының жүйелі жүзеге асырылғанын айтты. Жол картасына енгізілген 110 іс-шараның 101-і толық орындалған, қалғаны орындалу сатысында.

Сайлауалды бағдарлама аясында әлеу­меттік маңызы бар бірқатар ірі жоба іске асырылған. Атап айтқанда, 10 елді мекен газ­­дандырылып, облысты газбен қамту дең­гейі 83 пайызға жеткен. Спорт саласында 6 денешынықтыру-сауықтыру кешені пай­далануға беріліп, халықты спорттық инфра­құрылыммен қамту көрсеткіші артқан.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 4200 орындық 5 «Келешек мектебі», тағы 3 мектеп іске қосылып, 6 білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.  Сапалы ауызсумен қамту бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2025 жылы облыс халқы орталықтандырылған ауызсумен 100 пайыз қамтылған.

Сонымен қатар денсаулық сақтау, мә­дениет, тұрғын үй құрылысы, жол және жы­лу желілерін жаңғырту салаларында да ау­қымды жұмыс атқарылған. Өткен жылы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспары артығымен орындалған.

Өңірде 1 аудан, 56 ауылда әкім сайлауы өтіп, барлығында «Amanat» партиясынан ұсынылған үміткерлер жеңіске жеткен.

Партиялық бақылау комиссияларының аймақтық және аумақтық деңгейде 94 отырысы өтіп, 566 ұсыныстың 400-і орындалған. Жол картасында көрсетілген 84 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылып, бүгінгі күні 80-і пайдалануға берілген. Барлық деңгейдегі мәслихатта фракциялардың жұ­мысы жолға қойылған.

Нақты практикалық шешімдерді әзірлей­тін диалог алаңдарына айналған партия жа­нын­дағы кеңестерде қаралған 124 мәселе бо­йынша 435 ұсыныс тиісті органдарға жол­данған.

Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 8212 арыз-өтініш түсіп, олардың 60,5%-ы оң ше­шілген, заңнамалық түсіндірмелер мен құ­қықтық кеңестер берілген.

«Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қа­рыз­сыз қоғам» жобалары бойынша атқарыл­ған жұмыстар да нәтижелі.

Белсенді жастардың облыстық және республикалық маңызды жобалары сәтті жүзеге асырылып келеді. «Жастар рухы» жастар қанатының облыстық филиалы республика бойынша үздік деп танылған.

Қорытындылай келе, Жандос Базартай партия филиалы алдағы кезеңде де халықпен тығыз байланыста жұмыс істеп, сайлауалды уәделердің толық орындалуын қамтамасыз етуге күш салатынын атап өтті.