«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

629

0

Халықпен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 14 тамыз — 30 қыркүйек аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Өткізіліп жатқан іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің бекітілген әкімшілік аймағындағы тұрғындармен танысу, тұрғындардың арасында болған әртүрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлер тексерілуде. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, іс-шара кезінде жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері, базарлар мен өзге сауда жасау орындары, саяжайлар мен шаруа қожалықтары, құрылысы тоқтатылған немесе қараусыз қалған нысандар тексерілуде. Тексеру барысында тіркелмеген қарулар мен тыйым салынған заттарды сақтағандарды анықтау, тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдар, адамдарды заңсыз жұмысқа пайдалану, шетелдік азаматтардың көшіп-қону заңнамасын бұзу фактілері назарда болады. Осы іс-шараның тиімділігі тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы түрлі сұрақтардың оң шешімін табуға бағытталады.

Қазалы ауданының Полиция бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<