Украинада ер адам автобусқа шабуыл жасап, 20 адамды тұтқынға алды

904

0

Украина батысындағы Луцк қаласында қаруланған ер адам жиырма шақты жолаушы отырған автобусқа шабуыл жасады, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Бүгін таңертең 102 желісіне Луцк орталығында бір адам шамамен 20 адам отырған автобусқа шабуылдағаны, қолында жарылғыш заттар мен қару-жарақ бар екені туралы хабарлама келді. Облыста «Тұтқын» жедел жоспары енгізілді. Қала орталығының аумағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабылды. Оқиға орнында полицияның барлық қызметі жұмыс істеп жатыр», – деді сейсенбіде Волынь облысы ұлттық полициясының баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат жоқ. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<