Универсиада: Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы төртінші орын алды

743

0

Фото: ашық дереккөз

2023 жылғы Қысқы Универсиаданың бесінші жарыс күнінде мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жекелей сайыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада ерлер арасында еліміздің атынан Михаил Шайдоров пен Диас Жиренбаев сынға түсті. Қысқа бағдарламада М.Шайдоров 6, Д. Жиренбаев 16-шы орынға ие болды.

Осылайша олар еркін бағдарламада ойын көрсетуге мүмкіндік алды.

Еркін бағдарламада М.Шайдоров 156.03 балл жинап, үшіннші орын алды. Қоссайыстың нәтижесімен ол 231.08 балл еншіледі. Бұл оған жүлдегерлер қатарынан көрінуге мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде төртінші орынды місе тұтты.

Ал Д.Жиренбаев еркін бағдарламада 135.52 ұпай жинап, 9-шы орынға ие болды. Екі сайыстың қорытындысымен ол 196.41 ұпай алып, 11-ші орынға тұрақтады.

Айта кетсек, М. Шайдуров былтыр мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

Еске салсақ, дүбірлі додада 14 қаңтарда қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<