Уран өндіру мәселелерін талқылады

581

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесіп, Қызылорда облысында жүзеге асырылатын жобаларды талқылады.

– «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы Қызылорда облысында ауқымды жұмыстар атқаруда. «Қазатомөнеркәсіптің» 4 еншілес ірі кәсіпорны табиғи уран өндірумен айналысып келеді. Осы ретте уран өндіру саласындағы бірнеше өзекті мәселеге тоқталып өтсем. «Шалқия Цинк ЛТД» Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» полиметалл кен орнында «Тау-кен байыту комбинатын салу» жобасын жүзеге асыруда. Қуаттылығы жылына 4 млн тонна кен өндіретін фабриканың жоба құны 323,6 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі күнге 107 млрд теңге инвестиция қаражаты игерілді. Қажетті инженерлік инфрақұрылымды (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) жеткізу және жерасты кешенінің құрылысы жүргізілуде (жерасты шахтасы). Аймақта жаңа жұмыс орындарын құру және инновациялық технологияларды енгізу үшін фабрика құрылысын жүргізетін мердігер мекемені қысқа мерзімде анықтауға қолданыстағы заңнама аясында ықпал жасау керек. Осы жылдың ІІ жартыжылдығында фабрика құрылысын бастау үшін тиісті шаралар қабылдауды сұраймыз, – деді аймақ басшысы.

Мұнан бөлек, Нұрлыбек Машбекұлы 65%-ға жұмыс жасайтын «Байкен–U» серіктестігінің толық қуаттылыққа көшу мүмкіндігін қарастыруды және уран өндіруші компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды ұсынды.

Айта кетейік, Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында Нұрлан Жақыпов «Қазгермұнай» БК» ЖШС өндірісті басқару орталығын аралап, «Хорасан-U» ЖШС кен орындарына барады.

облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<