«Ыдысты 2 рет жуу»: табиғат пен бюджетке әсері қандай?

720

0

Бес британдық отбасының үшеуі ыдыс-аяқ жуатын машинаға құрылғыларды салмас бұрын бір шайып алатынын мойындады. Жалпы, осыған байланысты бүкіл ел бойынша 450 миллион фунт стерлинг далаға кетеді.

Зерттеулерге сүйенсек, миллиондаған британдық әйел ыдыс жуғыш машинаны дұрыс пайдаланбайды, яғни су мен ақшаны ысырап етеді.

Utilita Energy – энергияны аз жұмсауға көмектесетін компания. Ұлыбританиядағы бұл мекеме ыдыс жуатын машинаны қолдануда кететін қателіктерді анықтау үшін 2000 отбасындағы жағдайды талдаған.

Зерттеушілер британдық әйелдер ыдыс жуатын машинаны дұрыс қолданбағандықтан жыл сайын £450 миллионды (шамамен €525 миллион) канализацияға төгетінін анықтады.

8 миллионға жуық британдық отбасы жыл сайын электр қуаты мен суға £71 (шамамен €83) жұмсайды.

Utilita Energy мәліметі бойынша, ең үлкен қаржылық шығын, бұл – машинаға салмас бұрын ыдыс-аяқты шаю әдеті және ECO режимін қоспау.

Ыдыс жуғыш машинасы бар бес британдық отбасының үшеуі, негізінен, құрылғыны қоқыстарға бітеп тастаудан қорқып, ыдыс-аяқты алдын ала шаятынын мойындады.

Ыдыс-аяқты екі рет жуу әдеті үй иелеріне шамамен £38 (€44), ал суық суды пайдаланған кезде £11 (€13) шығын әкеледі.

Utilita Energy компаниясының зерттеуіне сүйенсек, бес отбасының үшеуі жуу және шаю температурасын төмендететін ECO режимін ешқашан қолданбаған. Бұл режимді пайдалану – жылына орта есеппен £34 (€40) үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ыдыс-аяқты машинаға салмас бұрын алдын ала шаюға жыл сайын 4576 литр таза су жұмсалады. Бұл – олимпиадалық өлшемдегі 2422 бассейнге тең.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<