Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Наурыз тойын өткізді

516

0

Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ұйымдастыруымен тергеу изоляторы мен түзеу мекемесі және «Еңбек-Қызылорда» РМК арасында наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара болып өтті. Мерекеге  ҚАЖ департаментінің, ЗК-169/1 мекемесінің, ЗК-169/5 мекемесінің ақшаңқай киіз үйлері қаз – қатар тігілді.

Мерекені салтанантты түрде ашқан ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ғ.Отарбаев қызығынан қиындығы көп қылмыстық- атқару жүйесі қызметкерлерін Ұлыстың  ұлы мерекесімен құттықтап, мерекенің мән- жайына кеңінен тоқталып өтті. Облыстық мерекенің құрметті қонақтары атанды. Наурыз тойына арнайы келген ҚАЖ департаментінің ардагерлері ақ тілектерін айтып, бата берді. Тоқшылықтың басы, береке бастауы- жеті түрлі дәмнен жасалған Наурыз көже таратылып, мерекелік шашу шашылды.

 Бұдан әрі мерекеде ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы ұмытылып бара жатқан «Тобық тығу» дәстүрінен   керемет қойылым қойып қайта жаңғыртқандай болды. ЗК-169/1 мекемесінің ұжымы мекеме қызметкері  Айнаның  қызы Арайлымның тұсауын кесті. Бұл тойға лкен дайындықпен келген оның әжесі  кішкентайдың тұсауын осы мекеменің абыройлы, ақ жаулықты анасы Қарлығаш апаға кестіріп, қаз – қаз бастырып, қуанып тұсау кесер тойына шашу шашты. Наурыз тойы кезеңінде ҚАЖ департаменті және тергеу изоляторы мен түзеу мекемелері арасында ұйымдастырылған ұлттық салт – дәстүрден көрініс қою, ұлттық нақышта киіну, киіз үйдің жабдықталуы, ұлттық спорттық жарыстар да мерекенің сәнін аша түсті. Осы ұлттық нақышта киіну, киіз үйдің жабдықталуын, бағалаған әділқазылар ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет майоры Т.Тұрсынбаев,  ҚАЖ департаментінің ардагерлері  жеңімпаздарды анықтады. Олар сайыс барысында мекеме қызметкерлерінің ұлттық нақышта киінуі, киіз үйдің жабдықталуына ерекше мән берді. Киіз үйдің жабдықталуы бойынша                     ақшаңқай киіз үйі кеңдігімен, шаңыраққа ілінген аспалы шамы, уыққа жағалай ілінген басқұрларының көркемдігімен ерекшеленіп жүлделі                «Ең үздік киіз үй » номинациясын ЗК-169/1 мекемесі жеңіп алды.  Ұлттық нақышта киініп ерекше көзге түскен  мекемесінің қызметкері «Ең үздік ұлттық киім» номинациясын ЗК-169/5 мекемесінің қызметкері С.Абрасилов және Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы Ж.Исмайлова жеңіп алды.Наурыз мерекесі әрі қарай спорт жарыстарымен жалғасын тапты. Ұлттық спорттың қазақша күрес, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күрес түрлерінен сынға түсіп, ептіліктерін көрсеткен  жеңімпаздарға да құрмет көрсетілді.  

Сонымен, көптен күткен мереке де өз мәресіне жетті. Барлық аталымдар бойынша ҚАЖ департаменті мен тергеу және түзеу мекемелері бағалы сыйлықтармен және мақтау грамоталарымен марапатталды.

Әз-Наурыз – барша халықтың асыл мұрасы. Әз –Наурыз мейрамы қашанда елімізде ырыс, ынтымақ бақыт сыйласын.

Дана Достанова,

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<