Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

680

0

Фото: ИПК

Қызылорда қаласындағы Ұстаздар Үйінде педагогтердің біліктілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету, тыңдаушыларды курстан кейінгі қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.
Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен «Кәсіби маман» оқу орталығы, Шиелі ауданындағы М.Шоқай атындағы №41 орта мектеп арасындағы ынтымақтастықты және әріптестікті нығайту туралы екіжақты Меморандумға қол қойылды.

Аталған құжатқа қол қоюдағы басты мақсат – орталық, мектеп педагогтеріне әдістемелік кеңес беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұйымның сұранысы бойынша педагогтердің құзыреттілігін дамытатын біліктілік арттыру курстары мен оқыту семинарларын өткізу. Тараптар осы бағыттағы жүйелі өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін келісімге келді. Мектеп педагогтеріне әдістемелік, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге келісім жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар мен мәселелер қаралды.

Меморандум аясында атқарылатын шаралар оқу үдерісінде заманауи білім беру технологияларын дамытуға, білікті мамандарды даярлау сапасын жақсартуға, сонымен қатар ғылыми-зерттеулер жүргізуге, оқу-әдістемелік құралдар, авторлық бағдарламалар жазуға бағыт беруге, сондай-ақ олардың нәтижелерін оқу үдерісіне ендіруге бағытталады.

Аталған келісім «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен «Кәсіби маман» оқу орталығы, Шиелі ауданындағы М.Шоқай атындағы №41 орта мектеп арасындағы табысты, бірлескен жұмыстардың бастамасы болады деген сенімдеміз.

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<