YouTube арнасын ашқан Криштиану Роналду бір сағатта 1 миллион оқырман жинап, рекорд орнатты

88

0

Фото: ашық дереккөз

Әйгілі футболшы Криштиану Роналду өзінің YouTube арнасын ашты. Спортшы бір сағаттың ішінде 1 миллион  оқырман жинап, рекорд жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футболшы YouTube арнасын ашқаннан кейін араға төрт сағат уақыт салып оқырмандар саны 4 миллионнан асты. Криштиану Роналду платформада контент жасау туралы ұзақ ойланған. Оның айтуынша, YouTube арнасы арқылы жанкүйерлер спортшының отбасы туралы ақпараттан бөлек өзі жайлы көптеген мәліметтер біле алады. 

Роналду өзіне қонақ болып келген тұлғалардың сұхбаттарымен оқырмандарын таңғалдыруға асық екенін жеткізді. Спортшының YouTube арнасы «UR · Cristiano» деп аталады. Ондағы алғашқы бейнежазба арна ашылған күні жарияланған. Қазір 20-ға жуық бейнеролик бар. Ондағы оқырмандар саны 18,5 миллионға жетті.

Арнада жарияланған видеолардың бірінде португалдық футболшы әртүрлі спорт түрлері мен жұлдыздардың арасында таңдау жасайды. Сондай-ақ жұбайы Джорджина Родригеспен түсірілген видеолар да жетерлік.

Футболшы YouTube-тің алтын батырмасын алған сәтін әлеуметтік желіге жариялады.

Бұған дейін Криштиану Роналдудың «лак» жағылған аяғының суреті желіде қызу талқыға түскен еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<