Топ-баннер2

Ықтимал жағдайға әзірлік пысықталды

6

0

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өңірлердің 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы талқыланған республикалық штаб отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Қазіргі таңда «Шардара» су қой­масынан Сырдария өзенінің төменгі ағы­сына секундына 200 текше метр су жіберілуде. Оның 50 текше метрі «Көк­сарай» су реттегіші арқылы алы­нып, ай­маққа секундына 179 текше метр су түсуде.

Ақпанның 13-нен бері Сырдария өзенінде мұз жүрді. Бүгінде ықтимал су тасқынының алдын алудың кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп қолға алынған. Су басу қаупі бар аймақтарға арнайы техникасы мен күш-құралдары бар жауап­ты мекемелер бекітілді. Су тас­қынына қарсы материалдық-техни­калық қор жет­кілікті, қажет жағдайда халықты көшіру пункттері дайын.

Жергілікті атқарушы органдар, төтен­ше жағдайлар және су шаруа­шылығы мамандары тәулік бойы кезекшілікте. «Қаз­авиақұтқару» акцио­нерлік қоғамымен жасалған келісім­шартқа сәйкес 1 тікұшақ дайын. Мұз жаруға арнайы маман­дан­ды­рыл­ған мекемемен келісімшарт жасалды.

Өткен жылы 199,1 млн теңге қаржыға 11 нысанның қорғаныс бөгеттері жөнделіп, қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, бюджеттен тыс көздер есебінен 1 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді.