«Ыстанбұл» мегажобасы: Түркияда алғашқы көпірдің іргетасы қаланады

863

0

Сенбі күні Түркияда «Ыстанбұл» мегажобасын жүзеге асыру аясында алғашқы көпірдің іргетасы қаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Сазлыдере» су қоймасы арқылы өтетін бірінші көпірдің іргетасын қалау рәсіміне Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Караисмайлоғлу және тағы басқалары қатысады.

Босфор бұғазын айналып өтетін жасанды көлік артериясы Қара және Мармара теңіздерін байланыстырады. Бұл, Түркияның халықаралық саудадағы рөлін арттырмақ.

Әлемдегі жүктемесі ең көп теңіз жолдарының бірі – Босфор арқылы жыл сайын 43 мыңнан астам кеме өтеді. Бұл көрсеткіш халықаралық келісімдерге сәйкес 25 мың деңгейінде белгіленгенін айта кетейік.

Түркия билігінің болжамына сәйкес, 2050 жылдан кейін Қара және Мармара теңіздері арасындағы кеме ағыны 78 мыңға жетеді, бұл жаңа теңіз артериясын құрудың маңыздылығын арттырады.

Канал ұзындығы 45 км құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<