Қытайда эпидемияның аяқталатынын дәл айтқан ғалым тағы бір болжам жасап отыр

360

0

Қытайда эпидемияның аяқталатынын дәл айтқан ғалым тағы бір болжам жасап отыр Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Левитт Қытайдағы коронавирус індетінің аяқталатынына қатысты болжам жасады. Ол өзінің болжамында ары кетсе 2% өзгеріс болуы мүмкін дейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, 365info.kz-ке сілтеме жасап.

«Левиттің пікірінше, COVID-19 пандемиясы жұрт ойлаған мерзімнен бұрын аяқталады» деп хабарлапты Los Angeles Timesс басылымы.

Сонымен, ол күн сайын 50-ден астам адам ауру жұқтырған 78 елге бақылау жүргізген. Нәтижесінде, «Вирус жұқтырғандар көп болғанмен, олардың күн сайын төмендеп келе жатқанының нақты белгілері бар», – деді ғалым. Себебі, күн сайынғы көрсеткіштерді салыстырсақ, аурудың төмендегенін көруге болады екен.

Сондай-ақ, биохимик ресми деректер де рас келуі мүмкін екенін айтып отыр.
Осылайша, ол пандемияның жақын арада тоқтайтынына сенімді. Еске сала кетсек, бұған дейін осы ғалымның Қытайдағы коронавирустың тоқтайтыны туралы жасаған болжамы дәл келген еді.

«Ең бастысы, біз халық арасында үрей туғызбауымыз керек, барлығы жақсы болады», – деген-ді сонда. Нақты айтқанда, ақпан айында Левитт өзінің әріптестерімен бірге баяндама дайындап, онда шарықтау шегіне жеткен коронавирус жақын арада, бір-екі аптаның ішінде тоқтайды деп айтқан.

Оның баяндамасында 80 мыңдай қытай COVID-19 індетінен жапа шегеді, 3,25 мың ҚХР халқы аурудың құрбаны болады делінген. Шынымен де 2020 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша, ол елде 81 470 адам вирус жұқтырса, 3 304 адам қаза тапты. Ал наурыз айының ортасында ҚХР-да коронавируспен ауырған адамдар саны азая бастады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<