«Мұз айдыны» спорт кешенінде халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан облыстық турнир өтті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау және бұқаралық спортты одан әрі дамыту мақсатында өткен сайысқа Қызылорда қаласы мен барлық аудандағы мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектерден құралған 8 команда қатысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Мұхимов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы О.Акимов жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Турнирде Шиелі ауданы әкімдігінің командасы І орынды жеңіп алды, ал ІІ орын Жаңақорған ауданы әкімдігінің командасына бұйырды, Сырдария ауданы әкімдігінің командасы ІІІ орынға лайық деп танылды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы арасында екіжақты меморандумға қол қойылды.
Биыл бірінші рет ұйымдастырылған сайысты үрдіске айналдыру жоспарланып отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<