Қызмет сапасы әлеуметтік көңіл-күйге әсер етеді

418

0

Еліміздегі медицина саласы орасан зор өзгерістер қарсаңында тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында атап көрсетілген бағыттар соған дәлел.
Жолдау елдің әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуының өзекті мәселелері­не және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге арналған. Мемлекет басшысы медициналық қызметтердің сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды компоненті екенін атап өтті. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін сақтайды.
ТМККК және МӘМС пакеттері бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін меди­циналық көмектің қолже­тімділігін арттыруға бағыт­талған. Мәселен, 2020 жыл­дан бастап жеңілдігі бар 15 санат үшін жарнаны мемлекет төлейді. Жұмыс берушілер, жұмыскерлер, кәсіпкерлер денсаулық қор­жынын толтыруды жал­ғастырады. МӘМС-ке түскен барлық қаражат Ұлттық банкте сақталады және МӘМС жүйесінің медициналық па­кеттеріне жұмсалады. Осы­лайша, медициналық қызметтерге арналған жеке «қалта» шығындарының төмендеуі және қымбат тұратын меди­циналық қызметтерге қолжетім­діліктің айтарлықтай артуы күтілуде.

Руслан БЕКТІБАЕВ,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
облыс бойынша филиал
директоры.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<