Қызмет тиімділігінің тетігі

237

0

Жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге қауқарсыз ел артта қалады. Сондықтан, мемлекеттік басқаруда жаңа технологияларды енгізу – кезек күттірмейтін мәселе. Оны электрондық форматқа ауыстыру да тұрғындарды әуре-сарсаңнан құтқарып, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы және салаға қатысты өзге де мәселелер «Азаматтарға арналған Үкімет»  мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалында өткен жиында талқыланды.

Басқосу облыс бойынша көліктік бақылау инспекция­сының басшысы Нажмадин Шамұратовтың жетекшілігімен өтті. Спикер мемлекеттік көр­сетілетін қызмет саласындағы заңнаманың сақталуы қатаң қадағалауда екенін жеткізді.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметтерді ашық және тиімді ұсынуды жүктеді. Басым бағыт бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүзеге асырылуда. Бүгінде инс­пекция автомобиль, темір жол және су көлігі саласында 18 мемлекеттік қызмет ұсынады. 30 қыркүйекке дейін 1769 қызмет көрсетілген. Инс­пекция қазір «Азаматтарға арналған Үкімет» МК облыстық филиалымен бірлесе жұмыс жүргізуде, – деді Н.Шамұратов.

Шарада техникалық қарап-тек­серу бойынша ҚР заңнамасына енгізілген тү­­зе­ту­­лер түсіндірілді, сон­дай-ақ мемлекеттік қыз­мет көр­се­ту барысында туын­дай­тын проб­лемалық мәсе­ле­­лер қаралды. Жиын қо­ры­тын­дысында салада қандай да бір заңбұзушылық орын алмас үшін осындай түсіндірме жұ­мыс­тарын  жиі ұйымдастыру тапсырылды.

Мөлдір Қалымбет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<