Келесі дүйсенбіден, яғни 16 шілдеден бастап «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» жаңа әуе бағыты өз жұмысын бастайды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері ұйымдастырылатын әуе тасымалы «Аэрофлот» компаниясының А-320/321 «Эйрбас», «Boeing-737» ұшағы арқылы жүргізіледі.
Сонымен қатар, «Байқоңыр-Қызылорда (әуежай)» трансфері де ұйымдастырылады.
Биыл мамыр айында «Қорқыт ата» әуежайының қызметкерлерін «Авиациялық аэрофлот мектебінің» мамандары арнайы оқытып, А320/321 әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету даярлығы тексеруден өткізілді.
– Сонымен қатар, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Байқоңыр қаласының әкімшілігімен әуе бағытының жұмысын жандандыру мақсатында әуежайға жететін автобус маршрутын ұйымдастыруды келісті. «Аэрофлот» компаниясы арқылы ұшу басқа әуе компанияларымен салыстырғанда біршама арзанға түседі – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.
Айта кетейік, алғашқы рейс билеттерінің көп бөлігі сатылған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<