Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа» «Мен өмірімді қалаймын!»

456

0

Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, сол мүмкіндікті біз дұрыс пайдалануымыз керек. Ал қазіргі заманда өз өміріне көңіл бөлмейтін , өз болашағын ойламай балта шабатын адамдар жеткілікті. Уайым –қайғысын ұмыту үшін есірткеге әуестеніп, ішімдікке салынып, темекі шегіп денесін улап, денсаулығын құртатындар да  аз емес. Олардың көбісі жастар десек де болады, тіпті ересек  адамдарда кездеседі.Сол ересек адамдар болашақ жастарымызға үлгі болудың орнына өздері кім боларын білмей дал болуда.
Менің ойымша есірткі деген адам бойына тез таралады және де адамның ағзасы оны күніне қажет етіп тұрады екен. Есірткінің дәмін бір татып көрген адам онсыз өмір сүре алмайды.Сондықтан адамдар өз өмірлерін ойлап, болашағына балта шаппай, ұрпағын ластамай  бұл жаман әдеттен аулақ болса екен. Сонда ғана бұзақылық  қылмыстар азайып, еліміз гүлденіп  көркейеді.
Әр адам ең бірінші  өзін жақсы көріп, басына түскен қиыншылықтарды жеңе білу керек. М.Мақатаевтың өмір туралы «Шыда» атты өлеңінде кереметтей ой тастаған.
Шыда, шыда,
Шыдай түс, шыда тағы!
Шыдамдыны мына өмір ұнатады.
үміттің құлан иек құла таңы
Әйтеуір бір атады, бір атады.
Өкінбе, өкпелеме
Бүгініңе
өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгіруге.
Түсінемін жаныңның ауырғанын,
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тәсілін қабылдағын,
Басқасына бас ұрып табынбағын.
Сондықтан тек шыдау керек. Асығыстан жаман іске барып, киін сол тығырықтан шыға алмай өкінуің мүмкін. Болашақты бүгінен бастап ойлану керек. Сенің өмірдегі байлығың, қуанышың, тағдырың денсаулығың, денің сау азамат болсаң өмірде басыңа түскен қиыншылықтан оңай құтыласың.
 Мүмкін  сізде  өміріңізде  талай  қиындықтарды   бастан  өткерген  шығарсыз. Болашақта  өмір сізге  жаңа  қиыншылықтарды  жіберуі   мүмкін.  Әр уақытта сізге кезекті ауырпалық түссе, сіз оны сілкіп тастап, соның арқасында одан да биікке көтерілуңіз мүмкін емес пе? Әрбір шешімін таппай тұрған мәселе – бұл сізге өмірдің лақтырған қатты тасы  десек, сіз осы тастандың үстінен аттап, күтіп тұрған қатты дауылдан құтыла аласыз.
 Достар болашағымызды дәл қазірден бастап ойланайық!
Бақытты жансың сөнбесе күнің көгіңде,
Бақытты жансың тіршілік еткен кезіңде,
Бақытты жансың өмірді сүйе білгенде,  
Бақытты жансың бағалай білсең өмірде!
№11 мектеп-лицейінің
  9 «Г» сынып оқушысы
Алмас Аружан Бауыржанқызы
Жетекшісі: Мәди Зухра Темірбайқыз, 
Тасбөгет кенті, 
Қызылорда қаласы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<