Қызылордалық полицейлер жазғы киім үлгісіне көшті

393

0

Қызылордалық полицейлер жазғы киім үлгісіне көшті Қызылорда облысы ішкі істер департаменті және Қалалық ішкі істер басқармасы басшылығы мен жеке құрамының қатысуымен жазғы киім үлгісіне ауысу рәсіміне арналған саптық байқау өтті.

Жергілікті полиция қызметі ғимаратының алдында жеке құрам, яғни тергеушілер, анықтаушылар, жедел уәкілдер, участкелік және ювеналды полиция инспекторлары, аналитиктер мен жол-патрульдік полиция қызметкерлері сап түзеп, саптық байқауға тұрғызылды. Саптық байқауды Кадр жұмыстары басқармасының бастығы полиция подполковнигі Асылхан Абдреев басқарды.

Саптық байқау барысында қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің ұқыптылығы мен жинақылығы, шаш үлгісі, киімінің мұнтаздай тазалығы басты назарға алынды.

Саптық байқаудың қорытындылау кезінде департамент бастығының орынбасары Жарас Оспанов анықталған кемшіліктерді жою бағытында нақты тапсырмалар берді.

Жазғы киімге ауысу рәсіміне арналған жиын қызметкерлердің шеруімен аяқталды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<