Заң баршаға ортақ

404

0

Жыл басында Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерге қатысты мәлімдеме жасаған болатын. Жаңа ереже Армения, Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан әкелінген көліктерге қатысты енгізілді.
Ақпарат құралдарындағы деректер бойынша, қазіргі таңда республикада Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан аса көлік кірген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, мұндай көліктер Қазақстанда жол қозғалысы ережесін 90 мыңнан аса рет бұзған. Ал, айыппұл сомасы 1,1 миллиард теңгені құрапты.

Министрліктің мәлім­де­уін­ше, 2014 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Армения мен Қырғызстанда тіркелген автомобильдерді Қазақстанға кедендік баж бен са­лық төлемей кіргізу сол елдердің азаматтары­на ға­на рұқсат етілген. Ал одан өзге­ле­рі барлық кедендік және ути­лизациялық төлемді, са­лық­­ты төлеп, тіркетуі керек. Бұлай болмаған жағдайда ел аумағынан шығарылатыны хабарланды.

Басқа мемлекеттердің аумағында автокөлік сатып алған азаматтар оны тіркеп, кедендік реттеуден өткізуі жол қозғалысы саласындағы заңнаманың бұзылмауына септігін тигізетіні анық. Жергілікті жердің жолымен жүгенсіз жүріп, жол-көлік оқиға­ла­рын жиілетіп, ел-жұрттың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп әрі қоршаған ортаға зиян келтіретін, салықтан бой тасалайтын мұндай көлік егелері де белгілі бір заңдылыққа, тәртіпке бағынуы тиіс. 

Е.ӨМІРЗАҚҰЛЫ,
Қызылорда қаласы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<