Заң бұзған жазасыз қалмайды

344

0

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы Н.Талқанбаев  күн тәртібіндегі 5 мәселені таныстырды. Кеңес мүшелері әуелі облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Абдусаметовтің өзі басшылық жасап отырған құрылымда мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есебін тыңдады. Басқармада сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша медициналық ұйымдармен бірлескен іс-шара жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, «Ақмешіт – адал­дық алаңы» жобасы аясында биылғы жыл­ға арнал­ған денсаулық сақтау сала­­сында тұрмыстық сыбайлас жем­­қор­лықтың деңгейін төмендету бо­­йынша іс-шаралар жоспары бекі­тіліп, жобалық топ жұмыс­ жүр­гізуде.

Заң бұзушылықтардың ал­дын алу және болдырмау мақсатында облыстың ден­сау­лық сақтау саласында көр­сеті­летін 20 мемлекеттік қызмет­тің 17-сі толығымен автомат­тан­­ды­рылған. Қалған 3-і жыл со­ңына дейін автоматтандырыла­ды. Ем­ханалардағы еңбекке жа­рам­сыздық парағы мен ме­дици­налық анықтамалар ақ­парат жүйесіне ен­гізіліп, QR-кодпен бе­рілуде. Бұл жүйе анықтамалардың шы­найы­­­лы­ғын мобильді қосымшасы ар­қылы тек­серуге мүмкіндік беріп, тұрмыс­тық сыбайлас жем­қор­лық­ты жоюға септігін тигізе­тіні сөзсіз. Тұрғындарға көрсеті­летін меди­циналық кө­мектің қолже­тімділігін және сапасын арттыру мақсатында бас дәрігерлердің ішкі аудит жө­ніндегі орынбасарлары 1-қа­батқа орналасып, азаматтарға күнделікті қоғамдық қабылдау жүргізеді.

Басқармаға түскен арыз-шағым­дар «Тұлғалар өтініш­терін бірыңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпарат­тық жүйесінде тіркеліп, жауап беру мерзімінің сақталуы ба­қы­лауға алынған. Жыл басынан бері денсаулық сақтау басқар­масы мен медициналық ұйым қызмет­керлеріне байланысты сыбайлас жем­қорлық сипатындағы заң бұзу­шылық тіркелмеген.

Комиссия мүшелері атқары­лып жатқан жұмыстарға оң ба­ғасын бере отырып, ден­саулық сақтау меке­ме­ле­рінде электрон­ды қызмет үлесін арттыру, сон­дай-ақ басқар­маның интернет сайтында мемлекеттік сатып алулар бойынша толыққанды ақпараттарды орналастыру жө­нінде ұсыныстарын айтты.

Келесі кезекте облыстық қазы­нашылық департаментінің Әдеп жө­ніндегі уәкілі Ә.Есқа­раевтың 2019 жылдың 10 айында атқарған жұ­мыстары туралы есебі тыңдалды.

Департаментте Әдеп кодек­сіне сәйкес стандарттарды сақ­тау бо­йынша түсіндірме жұ­мыстары жүр­гізілуімен қатар, Әдеп нормаларын бұзудың алдын алу мақсатында, мемле­кеттік қызметкерлердің әдеп­ті­лік деңгейін жоғарылату үшін се­минарлар өткізілген. Оған ҚР Мем­лекеттік қызмет іс­тері және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің облыс бойынша департа­мен­тінің, «Nur Otan» пар­тия­сы об­лыстық филиалы сыбай­лас жемқорлыққа қарсы қоғам­дық кеңесінің мүшелері, облыс­тық мәс­­лихат депутаттары қа­тыс­қан. Әдеп жөніндегі комиссия мүше­лері облыс­тық қазы­нашылық  депар­таменті ұжымы әр уақытта жақсы бастамаларымен көзге түсіп жүргенін атап өтіп, тиісті ұсынымдарын енгізді.

Үшінші мәселе бойынша Арал ауданындағы жергілікті атқарушы органдардың бірың­ғай тәртіптік ко­миссиясы жұ­мыстарының нәтиже­лері қа­ралды. Мұнда бірқатар мем­­лекеттік қызметкерге аудан­дық Тәртіптік кеңес тарапынан беріл­ген тәртіптік жаза осы комиссия мүше­лерінің келісімінсіз алып тасталған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері оның заңға қайшы екенін айтып, Арал аудандық Тәртіптік кеңес төр­ағасы Н.Боқаевқа жол берілген заңсыз­дықты жоюды тапсырды.

Бұдан кейін Арал-Сырдария бас­сейндік инспекция­сы басшы­сының орынбасары Ж.Нұрсейі­товтің тәр­тіп­тік ісі қаралды. Оның бұрынғы әріптесі жұмыстан тыс уақытта кез­дескен кезде Нұрсейі­товтің өзіне тіл тигізіп, балағат­та­ғанына ша­ғым­данған. Бұл жай­ға куәгер бол­ғандар бар. Комис­сия мүшелері мем­ле­кеттік қызметкер қызметтен тыс кез­де де әдеп нормаларынан ауыт­­қымауы тиіс екенін алға тартып, Нұрсейітовке «сөгіс» түріндегі тәр­тіптік жаза қолдану туралы ұсыныс берді.

Күн тәртібіндегі соңғы мә­селе бойынша Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің әкімі Ж.Мұратбаевтың тәртіптік ісі қаралды. Ол тұрғын үйді же­кешелендіру барысында кей­бір заңсыз әрекеттерге жол берген. Атап айтқанда, 2016 жылы мемлекет меншігіне алын­ған қызметтік пәтерді жеке­шелендіру жөнінде шешім шы­ғарған. Әдеп жөніндегі кеңес мү­ше­лері жан-жақты талқы­ланған бұл тәртіптік іс қорытын­ды­сы­мен Қа­за­лы ауданының әкі­міне мемле­кет­тік қызметте теріс қылықтарға жол бергені үшін Ж.Мұратбаевқа «атқа­ратын мем­лекеттік лауазымынан шы­ғару» түріндегі тәртіптік жазаны қолдануды ұсынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<