Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 42 бабының 6 тармағының талаптарына сәйкес, заңды тұлғалар үш жағдайда мемлекеттік қайта тіркеуге жатады: жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған; атауы өзгергенде; шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда)
Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға Әділет органында қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады.
Сонымен қатар, уәкілетті орган заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы шешім қабылданған күннен бастап, заңды тұлғаның өкілі құрылтай құжаттарын мемлекеттік қайта тіркеу үшін құжаттарын Әділет органына ұсыну қажет. Себебі, Қазақстан Республикасының «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңының 18 бабына сәйкес, мемлекеттік қайта тiркелуге әкеп соғатын заңды тұлға деректерiнiң өзгергенi туралы мәлiметтер бiр ай мерзiмде берілмегенi үшiн, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 466 бабына сәйкес, заңды тұлға жауапкершілікке тартылатыны ескеру тиіс.
Ж.Еспаева,
Әділет департаментінің инспекторы,
Қазақстан Республикасының
заңгерлер одағының мүшесі.
Әділет департаментінің инспекторы,
Қазақстан Республикасының
заңгерлер одағының мүшесі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<