Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

503

0

2017 жылдың 27 ақпан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. (қолданысқа 01.01.2018 ж. бастап енгізіледі).Осы заңның аясында «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» заңының (әрі қарай Заң) 6 – бабына келесі түзетулер еңгізілді.
«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ осы Заңның 6-1-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда банктік шот ашуға арналған және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға (заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) қызметін жеке тұлғалармен еңбек қатынастарына енбестен жүзеге асырған жағдайларды қоспағанда) өтініш электрондық нысанда «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес беріледі.
Бұл түзетулер негізінде заңды тұлғаны тіркеу барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері автоматтандырылған түрінде банктен есеп шотын ашуға және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға кол жеткізуі.  
Ал, Заңың 12- бабына келісі редакцияда белгіленген:
– «Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтамада оның берілген күні, тiркеушi орган, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) күні, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жері, басшылары және құрылтайшылары (қатысушылары) туралы мәлiметтер қамтылады. Егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңда тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда бұл туралы мәліметтер аталған анықтамада көрсетіледі.»;- деген түзетулер еңгізіледі.
  Сонымен бірге, бүгінгі танда кәсіпкерлер өз бизнесін «Электрондық үкіметтің» веб-порталында онлайн режимде мемлекеттік тіркеуден, қайта тіркеуден, таратылуын тіркеуден өткізуге мүмкіндігі бар.
Яғни кәсіпкерлер өз бизнесін 1 жұмыс күн ішінде қайта тіркеуден, ал оны құру жұмыстарын  1 сағат ішінде қол жеткізеді.
Сонымен қатар, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы 5 жұмыс күн ішінде заңды тұлғаның таратылуын тіркеу мүкіншілігі де қарастырылды.
Осы электрондық қызметтін ерекшелігі, заңды тұлғаның өкілі интернет желісіне қосылған компьютер арқылы электрондық қолтанбасымен өз уақытын үнемдеп, бизнесін қысқа мерзімде тіркеу болып табылады.
Т.Қосмұратов,
қалалық әділет басқармасының бас маманы,
Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<