Зәмзәгүл Түйтина қазақ ертегілерін ағылшын тіліне аударды

688

0

Астана қаласындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін ағылшын тілінде сөйлетті. Шет тілін оқытудағы жаңа әдіс оқушылардың ынтасын арттырып, оқу үлгеріміне оң әсерін тигізді деп хабарлады turkystan.kz.

«39 жыл ұстаздық еткен тәжірибемде сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдану, тілді ән және фильмдер арқылы үйрету әдістерін пайдаландық. Алайда танымал шығармалар мен қазақ ертегілерін аударып оқыту балалардың қызығушылығын арттырып, оң нәтиже берді», – деді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Зәмзәгүл Түйтина.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ұстаз Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі мен «Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай» ертегісінен үзінділерді ағылшын тіліне аударған.

Бүгінде Зәмзәгүл Түйтинаның шәкірттері «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы аясында батыс әдебиетін ағылшын тілінде оқып жатыр.

Айта кетейік, Зәмзәгүл Түйтина – «Reading for pleasure» ағылшын тіліндегі нұсқаулықтың авторы. Оған балалар әдебиетінің классиктері мен ең танымал заманауи авторлардың үзінділері енгізілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<