Заңгер кеңес береді

387

0

2018 жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік тобының мүшесі, еліміздегі жер қатынастары саласындағы жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары бойынша заң және сот ісінде үлкен тәжірибесі бар кәсіби адвокат, заңгер Бақытжан Базарбек қоғамдық ұйымдар мен жергілікті қоғамдық кеңестер өкілдерімен және халықпен кездесу семинарын өткізіп, тегін құқықтық кеңестер береді.

Кездесу барысында азаматтар төмендегі мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңестер ала алады.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру;
Жер учаскесінің мақсатын өзгерту;
Жерге оналастыру процессі мен жер учаскелерін сегментациялау;
 Мақсатсыз пайдаланғаны және мемлекеттік қажеттілікке байланысты жер учаскесін алу;
Өз бетінше құрылыс жүргізу;
Жер учаскесін белгілеу және шекарасын айқындау;
Су қорғау аймақтары мен белдеулер, қызыл шекаралар мен санитарлық-қорғау аймағы;
Жер учаскесін заңсыз иемденуге байланысты және өзге де мәселелер бойынша құқықтық кеңес береді. 

Осыған сәйкес барлық азаматтарды және азаматтық қоғам өкілдерін өтетін кездесуге қатысуға шақырамыз. 

Семинар өтетін күні мен мекен жайы:15 қазан 2018 жыл сағ. 14.00-18.00 аралығында Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №53.

Анықтама үшін байланыс құралдары 8 (7242) 70-25-20, 8 778 925 53 08.   

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<