Заңгерлік көмек көрсетті

489

0

Заңгерлік көмек көрсетті Қызылорда  қаласындағы ЗК-169/5  мекемесінде жазасын өтеушілерге «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының заңгер маманы Жанар Алтынбасова және осы қордың педагог-психологы Қарғабай Ақбаян  заңгерлік  және психологиялық көмек көрсетті.

Шараның мақсаты – жазасын өтеушілерге заңгерлік көмек көрсетіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Іс-шараға барлығы 22 сотталған қатысты.  

Құқықтық кеңес беру барысында сотталғандар уақытынан бұрын бостандыққа шығу, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру тұрғысында сұрақтар қойып, тұщымды жауаптарын ады.

Бұдан соң  педагог- психолог маман  А.Қарғабай сотталғандарды қатыстыра отырып тренинг жүргізді. Трениг сотталғандардың көңіл-күйін көтеру, орта жағдайда өзін еркін ұстауын қалыптастыру және  психологиялық депрессиялық жағдайдан арылту  мақсатында  өтті.

Кездесу соңында сотталғандар мекемеге келіп  заңгерлік және психологиялық  көмек жүргізген  мамандарға алғыстарын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<