«Заманауи сот төрелігі жүйесіндегі отбасылық сот»

419

0

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Заманауи сот төрелігі жүйесіндегі отбасылық сот» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов, Қызылорда қалалық білім бөлімінің қамқорлық және қорғаншылық органының өкілі, «Бітім» Медиация Орталығы» Қоғамдық бірлестігінің маманы және мектеп психологы, соттың кеңсе меңгерушісі қатысты.

Төрағалық етуші судья Қ.Бержанов дөңгелек үстелді аша келе, «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жұмыс істеп жатырғаның, бұл жобаның негізгі мақсаты отбасын сақтап қалу болып табылатының, себебі көптеген азаматтар отбасын құруға дайын еместігін, отбасында өзінің жұбайылық міндеттерін дұрыс түсінбейтіндігін, тиісінше жауапкершілікті жете сезінбейтінің, балалы болған кезде ата-аналық құқықтары мен міндеттеріне тым жеңіл қарайтының атап өтті.

Шара барысында қалалық білім бөлімінің жетекші маманы Д.Аханова «Отбасындағы бала құқығы» тақырыбында баяндама жасады.

№11 мектеп-лицейінің психологы өз сөзінде құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған жасөспірімдермен,сонымен қатар олардың ата-анасымен жасалатын жұмыстар туралы, балаға отбасында қалай бақылау жасау керектігін айтып өтті.

Сонымен бірге, кәсіби медиатор Г.Қайнарова сотта отбасы-тұрмыстық қатынастарға және балалардың тәрбиесіне қатысты даушы кедергісіз шешуге ықпал ететін «Отбасылық сот» пилоттық жобасының тиімді тұстарын жеткізді.

Шара соңында қатысушылар өз ойларын ашық білдіріп, алдағы уақытта өзекті мәселелерді жиі талқылау керек екендігін айтып, ұсыныс білдірді.

Соттың баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<