Замандасқа үлгі болған

473

0

А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада «Ел үмітін ақтаған толағайлар» атты спорттық сағат өтті.

Іс-шараға каратэ – до спорт түрімен айналысатын, бірнеше дүркін Әлем кубогы мен Қазақстан чемпионатының  жүлдегері, Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Инабат Мырзабаева қатысты.

Ол жас жеткіншектермен кездесіп, бала кезінен  қызыққан  каратэ спорты туралы,  алғашқы жетістіктері мен жеңісті бағындырған Әлем чемпионаттары туралы айтып берді. Әрі әңгіме барысында Инабат өз замандастарын спортпен айналысуға шақырды. Сондай-ақ оқырмандарадың сұрағына жауап бере отырып, өзге де қызықты естеліктермен бөлісті.

Спортшы мен жас оқырмандарға «Спорт – денсаулық кепілі» атты кітап көрмесі таныстырылды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<