Қала әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Онда бос жатқан және заңсыз пайдаланылған жерлерді игеру, қайтару мәселелері талқыланды. Жиында қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Қазіргі таңда қала аумағындағы пайдаланылмаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерге түгендеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстар нәтижесінде 34 кәсіпкерлік мақсатындағы жер учаскесі мен жер учаскелерін заңсыз иеленген 101 тұлғаға қатысты шара қолдану үшін тиісті құжаттар облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған. Бұдан бөлек, пайдаланылмаған 866,4 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Жиында қаралған маңызды мәселеге қатысты қала әкімі Нұржан Сәбитұлы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ нысаналы мақсаты әртүрлі жерлерді игеру үшін жарияланатын конкурстарды тиянақты үйлестіруді міндеттеп, игерілмеген жер учаскелерін мемлекет қорына қайтару жұмыстарын ширатуды жүктеді.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<