Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Осы Заңмен «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға елеулі түзетулер енгізілді, оның бірі 2003 және 2016 жылдар аралығындағы кезеңде қызметтен шыққан, жұмыстан шығарылған күні жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, соның кемінде он екі жыл және алты айын үзіліссіз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын және қызметте болудың шекті жасына жету бойынша не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан шығарылған ішкі істер органдарының қатардағы және кiшi басшы құрамдағы қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшері қызметтен шығарылған күнге белгіленеді және төлем Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген арттырулар ескеріле отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасаған күннен бастап жүзеге асырылады.
Көліктегі Полиция Департаменті
Қызылорда станциясы Желілік Полиция бөлімі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<