Облыс бойынша «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында 4826 қару иелері мекен-жайларынан тексеріліп, 84 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Әкімшілік кодексінің 482 (қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бабымен, заңсыз айналымнан 24 қару тәркіленді.
Айдарлы ауылының 26 жастағы тұрғынынан ІІО-да тіркеуде жоқ, 2-ұнғылы, 16-калибрлі аңшы мылтығы табылып, заңсыз сақтағаны үшін алынды.
Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы жалдамалы пәтерді тексеру кезінде 28 жастағы азаматтың ІІО-да тіркеуде жоқ 8 мм газды тапаншасын 8-дана оғымен заңсыз алып жүргені анықталған.
Кодекстің 484 бабымен (қаруды сақтау ережесін бұзу) 26 азаматқа, 486 бабына сәйкес (қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) 34 азаматқа әкімшілік шара көрілді.





