Заңсыз өнім сатқандар құрықталды

607

0

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жалған есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында иемдену, пайдалану немесе өткізу дерегін анықтады.

Қармақшы ауданында тұратын 2 азамат екі мекен жайда сыйымдылығы 0,5 литрлік 2647 дана, 0,2 литрлік 889 дана және 1 литрлік 840 дана арақ өнімдерін сақтаған. Аталған азаматтар жалған есепке алу-бақылау маркалары жапсырылған алкоголь өнімдерін тергеумен анықталмаған тұлғалардан төмен бағада сатып алып, пайда табу мақсатында үстіне ақша қосып сату барысында құрықталған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 233-бабының 2-бөлігінде қаралған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Оқиға орнынан қарап тексеру барысында жалпы саны 4376 дана арақ өнімдері алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу талабына сәйкес, басқа ақпараттар жария етілмейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<