Заңсыз ойын ұйымдастырған қызылордалық қос азамат сотталды

42

0

Фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департамент қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барасында заңсыз ойын ұйымдастырумен айналысқан азаматтардың жолын кесті.

1994 жылы туылған азаматтар наурыз айында қала орталығынан пәтерді жалға алып, интернет желісімен интернет-казино қызметін жүзеге асыратын «Superomatic» бағдарламалық қамтылым көмегімен интернет-казино құмар ойындарын іске қосып, бәс тігу арқылы ойыншыларға құмар ойын ойнатқан.

Тергеу барысында 8 дана жүйелік блоктар, 8 дана компьютер мониторы, 1 дана бейнетіркеуіш, 1 дана модем, 6 дана ұялы телефондар және кассадан жалпы сомасы 23 000 теңге тәркіленді.

Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастырып және өткізіп, заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырып қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қос азаматқа ҚК-нің 307-бабы 2-бөлігі 2)-тармағымен мүлкін тәркілеусіз 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<