Заңсыз сексеуіл кескендер ұсталды

408

0

Фото: Табиғи ресурстар

Басқармаға қарасты Қызылорда орман шаруашылығы мекемесінің орманшылары мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу және оны анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Аманкелді ауылынан заңсыз сексеуіл тиелген Газ-53 автокөлігін ұстады.

Анықталғандай Қазақстан Республикасының заңымен сындыруға тыйым салынған сексеуіл ағашы тиелген жүк көлігі Сырдария ауданы, Аманкелді ауылының тұрғынына тиесілі болып шықты.

Заңсыз 4.05 текше метр сексеуіл ағаштары айғақ зат ретінде мекеме ауласына қалдырылып, заң бұзушылық бойынша тиісті азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 389 бабы 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама рәсімделді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<