Заңсыз сексеуіл кескендерге айыппұл салынды

370

0

Фото: Табиғи ресурстар

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде заң бұзушылықтарды алдын-алу, оны анықтау мақсатында жыл басынан бері рейдтік шаралар ұйымдастырылып, оның ішінде орман тәртібін бұзғандарға тиісті шара көрілуде.

Рейдтік шаралар барысында «Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-сі Тартоғай орманшылығының қызметкерлері ағымдағы жылдың 1 ақпан күні орман айналымдарын тексеру барысында жергілікті уақыт 10:30 шамасында мекемеге қарасты Тартоғай орманшылығының 84 орамының 3 телімінде және 81 орамының 8,9 телімдерінде Сырдария ауданы, Айдарлы ауылының тұрғыны өзінің басқаруындағы мемлекеттік белгісі жоқ Зил 131 автокөлігі және ұзындығы 40 метр болатын тросспен заңсыз сексеуіл ағаштарын сындырып, жүк көлігіне тиеп жатқан жерінен тоқтатылды!

Анықталғандай тиелген сексеуіл ағаштарының ұзындығы 3,30 метр, ені 2,40 метр, биіктігі 0,9 метр екендігі анықталып, барлығы 2,14 текше метр сексеуіл ағаштары сындырылған. Аталған заң бұзушылық бойынша құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 381-1 бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама рәсімделді! Мемлекетке келтірілген залал сомасы 39 504 теңге 4 тиынды құрады.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<