12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күніне орай облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен дәстүрлі облыстық үздік мейірбикелер конкурсы өтті.
Байқауға 36 емдеу мекемесінің орта буын медицина қызметкерлері қатысты. Білім мен біліктілік, кәсіби шеберлік бәсекесі екі кезеңнен тұрды. Алдыңғысында мейірбикелер білімдерін дәлелдеу үшін тест сынағынан өтсе, соңғысында білігі мен тәжірибесін көрсетті. Конкурс қорытындысында облыстық онкология орталығының бас мейірбикесі Айзат Еңсебаева «Үздік бас мейірбике» атанса, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының Қармақшы бөлімшесінің фельдшері Нұрбол Зиядинұлы «Үздік фельдшер» номинациясына лайық деп танылды. Ал, қалалық №6 емхана акушері Эльвира Абуова «Үздік акушер» атағына ие болды.
Барлыбек БАТЫР.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<